Университеттің оқу үрдісінде инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану тиімділігі

Университетімізде профессор-оқытушыларға  арналған  «Университеттің оқу үрдісінде инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану тиімділігін талдау»  тақырыбындағы вебинар басталды. Университеттегі  әдістемелік кабинет жетекшісі Зинағабденова Дариға Рахымжанқызы модератор болып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Вебинарда  Журналистика және саясаттану факультетінің профессор-оқытушылары баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті  Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан  «PR маманының харизмасын дамыту технологиясы»,   Саясаттану кафедрасының профессоры Бибігүл Бисенбайқызы  Бюлегенова  «ЖОО  видеодәріс арқылы білім берудің тиімділігі», Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Емцова Анастасия  «Эффективность творческих экзаменов для формирования профессиональных компетенций студентов» деген тақырыпта баяндама жасады. Жұмыс берушілер Мұхамеджан Болысбек, Бекарыстан Нұрланұлы да осы тақырыптарда өз ойларын айтып, қатысушылармен   бірге инновациялық әдістер туралы   мазмұнды талқылауға қатысты. Вебинар соңында Журналистика және саясаттану факультеті Оқу әдістемелік кеңесінің Төрайымы Айжан Пернебекқызы мен деканның оқу ісі жөніндегі орындасары Дана Өмірбекқызы қорытынды сөз сөйледі.